19.03.2021
Аққайың бастауыш мектебінде "Армысың, Әз - Наурыз " атты мектепшілік іс - шара өтті. Мектептің оқушылары мен ұстаздары белсене қатысып, әр түрлі өнерлерін көрсете білді. Кең жайылған дастарханда Қыдыр ата батасын берді. Мол жайылған дастарханда қазақтың ұлттық тағамдарынан жеке - жеке сыныптардың оқушылары ауыз тиді. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрі " Бесікке салу рәсімі " көрсетілді. Ұлттық ойындар ойнатылып оқушылар көтеріңкі көңілдерімен "Наурыз мейрамын" қарсы алды!
Барша халайық " Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы " құтты болсын, ақ мол болсын, ұлыс береке берсін, төртүлік ақты болсын, ұлыс бақты болсын, қуаныштарың көп болсын !